Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан министрлік балаларға арналған SIM-карта ұсыну жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің кулуарында балалар арасындағы буллингпен күрес жайында айтып, осындай жобаны ұсыну жоспарланып отырғанын айтты.
Балаларға арналған жеке SIM-карта керек. Сол себепті балаларға арналған SIM-карта енгізуді ұсынып отырмыз. Ол ата-аналардың бақылауында болады. Бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады, - деді вице-министр.
Оспан министрлік осындай жүйені енгізуді ұсынып отырғанын айтты.
Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектеуге де болады, - деп түсіндірді Еділ Оспан Мәжілісте.