Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда автокөлік саны 5,5 миллионға жетті

27 Тамыз 2025, 16:30
627
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстанда тәуелсіздік алған 34 жылдан бері автокөлік саны 2,5 есеге артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Тәуелсіздік кезеңінде еліміздің автопарк саны 2 млн-нан 5,5 млн бірлікке дейін, яғни 2,5 есеге көбейді. Ал халық саны 3,5 млн адамға артқаны белгілі. Одан бөлек, ел аумағы арқылы 3 млн шетел көліктері өтеді, - деп атап өтті комитет басшысы.

Айтуынша, жол апатын тіркеу тәртібінің өзгергеніне қарамастан, жол-көлік оқиғаларының саны 75%-дан 51%-ға дейін (2080-нен 1192-ге дейін) қысқарған. Биыл жол апатынан зардап шеккендер саны 91%-дан 63%-ға азайғаны анықталды. Жол үстінде қаза болғандар саны 8%-ға – 1480-нен 1366-ға төмендеген.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ алдағы уақытта Қазақстанда елді мекендерде жүретін көлік жылдамдығы заңнамалық тұрғыда төмендетілуі мүмкін екендігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы