Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда ауа райы нашарлайды: бірнеше облыста көктайғақ күтіледі

Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

2025 жылғы 8 желтоқсанда еліміздің бірнеше облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады деп болжануда. Бұл республикалық автожолдардағы жағдайды қиындатуы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолайсыз ауа райы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында күтіледі.

Жүргізушілерге жылдамдықты шектен асырмай, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтап, көріну деңгейінің нашарлауы мен көктайғақ қаупін ескеруді сұрайды.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 қысқа нөмірі арқылы білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы