Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда әскерден келген 700 азамат ҰБТ тапсырмай грантқа түсті

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
27 Қараша 2025, 16:31
769
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Мәжілісте өткен жиында мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтарға арналған жеңілдіктер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, педагогикалық мамандықтарды қоспағанда, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарға жоғары оқу орындарына қабылдауда 2,5 пайыздық квота қарастырылған.

Биыл осы квота аясында 701 азамат білім грантына ие болып, жоғары оқу орындарына қабылданған, - деді Щеглова.

Сонымен қатар вице-министр “Білім туралы” заңдағы білім грантын өтеу жөніндегі талаптарға енгізілген өзгерістерге тоқталды. Бұған дейін грант бойынша оқуын аяқтаған түлектер міндетті түрде белгілі бір мерзімді жұмыспен өтеуге тиіс болатын.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, мерзімді әскери қызметін өтеген және оның талаптарын толық орындаған азаматтар жұмыспен өтеу міндетінен босатылады.

Өзгелердің жаңалығы