Қазақстанда АҚШ-тың биозертханасы бар ма? – Зайытов

26 Маусым 2024, 12:42
584
Бөлісу:
Қазақстанда АҚШ-тың биозертханасы бар ма? – Зайытов
Фото: Арман Мухатов -архив

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жалпы отырыста әлеуметтік желілерде таралған АҚШ-тың Қазақстандағы биозертханасына қатысты сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде АҚШ-тың неше биолабораториясы бар? Бар болса, біз неге білмейміз? Жоқ болса, онда осындай ақпаратты әлеуметтік желілерде тарататын адамдарға неге жүген салмайсыздар? – деп сұрады ол.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мұндай ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл ешкімге құпия емес. Мұны ақпараттық шабуыл ретінде тіркейміз. Алайда Сыртқы істер министрлігі, уәкілетті органдар бірнеше рет нақты жауап берді. Қазақстанда АҚШ-тың не болмаса басқа да ешқандай елдің биолабораториясы жоқ. Тиісті ғылыми зерттеу орталығы бар. Ол толығымен мемлекет тарапынан қаржыландырылады және онда отандық мамандар жұмыс істейді. Сондықтан мұндай қауесет я болмаса фейк ақпаратқа уәкілетті органдар жауап берді. Ол мониторинг жүргізіліп отыратынын айтып, жалған ақпаратты анонимді, бейресми, соның ішінде шетелдік арналар тарататынын атап өтті. Бізде мұндай нақты азаматтар тіркелмеген. Қосымша мониторинг жасаймыз. Сіздің ескертуіңізді қабылдаймыз, - деп жауап берді ол.

Өзгелердің жаңалығы