Қазақстанда аңшылыққа рұқсат етілген жануарлар тізімі жаңартылды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі жаңа бұйрықпен 35 сүтқоректі мен 59 құс түрін енгізіп, су жануарларын тізімнен алып тастады. Өзгеріс 2025 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Экология және табиғи ресурстар министрі Қазақстанда аңшылық нысаны болып табылатын бағалы жануарлардың тізіміне өзгерістер енгізу туралы жаңа бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, аңшылыққа рұқсат етілетін жануарлардың тізімі жаңадан толықтырылып, қазіргі уақытта 35 сүтқоректі түрі мен 59 құс түрі енгізілді.
Сүтқоректілер тізімі:
Жаңартылған нұсқаға келесі аңдар кіреді: түлкі, қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа), бұлғын, құну, америкалық су күзені, сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа), қабан, марал, бұлан, сайғақ, сібір тау ешкісі, қояндар, қасқыр және басқа да жабайы жануарлар.
Құстар тізімі:
Аңшылыққа рұқсат етілетін құстар қатарына: қызылтұмсық және қарамойнақ суқұйрық (гагара), қаз, көкқаз (кряква), сұр үйрек, шіл, құр, бөдене, кекілік, қырғауыл, тырнақ (дупель), үлкен және орта аққұмшық (кроншнеп) және өзге де су және орман құстары енгізілген.
Бұрынғы тізімнен алынып тасталған су жануарлары:
Бұған дейін аңшылық және балық аулау нысандарының тізіміне 67 су жануары, оның ішінде бағалы балық түрлері кірген болатын. Алайда жаңа құжатта бұл түрлер тізімнен алынып тасталды.
Олардың қатарында: белуга, севрюга, орыс бекіресі, бекіре (стерлядь), пелядь, шортан, ақ амур, сазан, дөңмаңдай (толстолобик), кәдімгі көксерке, камбала және кемпірқосақ алабұғасы (радужная форель) бар.
Министрліктің мәліметінше, бұл өзгерістер жануарлар дүниесін қорғау мен биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында енгізілген.
Жаңартылған бұйрық 2025 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енеді және осы күннен бастап Қазақстан аумағында аңшылық қызмет осы тізім негізінде жүргізіледі.