Қазақстанда алимент төлемеген әйел сотталды

15 Қазан 2024, 02:14
479
Бөлісу:
Қазақстанда алимент төлемеген әйел сотталды
Фото: архив

Риддер қаласының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

31 жастағы Риддер қаласының тұрғынына алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Сотталушы пробация қызметінің есебіне келмеген және тексеру кезінде тұрғылықты жерінде болмаған. Сондықтан бас бостандығын шектеу жазасы бір жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды, – деп хабарлады полиция.

Полицейлер сотталушының түсініктемесін де жариялады. Әйел күйеуі екеуінің бұрын ата-ана құқығынан айырылғанын айтқан.

Әйел жазасын Абай ауданындағы колонияда өтейтін болды. Қазір мекеме қызметкерлері оған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы