Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда "әдемі" нөмірлер алу тәртібі өзгереді

Олжас АДАЙ
Кеше, 12:18
282
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Қазақстандықтар сұранысы жоғары "әдемі" мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатып алуға шамамен 11 мың өтініш берген. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз конференциясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа қызмет іске қосылған алғашқы күндері оған деген сұраныс айтарлықтай жоғары болған.

Жуырда Цифрлық даму министрлігі сұранысы жоғары мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатып алуға өтініш беру бойынша жаңа тетікті енгізді. Осы жаңашылдықтың нәтижесінде бірқатар өңірде халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың уақытша шоғырлануы байқалды, – деді Коняшкин.

Вице-министрдің сөзінше, өтініш берушілердің көптеп жиналуы уақытша сипатқа ие болып, қызметке деген жоғары қызығушылықпен байланысты болған.

Бір-екі күн ішінде белгілі бір деңгейде осындай қызығушылық сақталуы мүмкін. Дегенмен біз осы аптада eGov мобильді қосымшасы арқылы "әдемі" нөмірлерді онлайн форматта таңдауға мүмкіндік беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар "Азаматтарға арналған үкіметтегі" әріптестеріміз де тиісті цифрлық сервисті іске қосып жатыр, – деді бірінші вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы