Қазақстанда адам саудасы бар – Әзімова

26 Шілде 2022, 16:04
1476
Бөлісу:
Қазақстанда адам саудасы бар – Әзімова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде адам саудасының профилактикасы, оны болдырмау және оған қарсы күрес жөнінде дөңгелек үстелде жаңа заң бойынша шешім шыққанын хабарлады.  

Адам құқықтары және заң үстемдігі туралы заң жобасын дайындау туралы шешім сәуір айында Үкіметпен қаралып, оң шешім қабылданды. Енді келер жылдың басында осы заң жобасы Үкімет қарауына беріліп, депутаттардың талқысына түседі, - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибе бойынша мемлекеттердің көбі осындай заңды қабылдаған. 

Бұл заң адам құқықтарын қорғау ғана емес, сонымен бірге профилактика және әлеуметтік сұрақтарға, проблемаларға байланысты. Себебі адам саудасы тек қана адамның келісімінсіз емес, көп жағдайда келісуімен жасалып жатыр. Адам сатуға байланысты заңбұзушылықтар қылмыстық жауапқа тартылса да, біз бұған қоғам үшін қауіпті әлеуметтік құбылыс ретінде қараймыз. Өйткені бұл қылмыс бірқатар адам құқықтарына әсер етеді. Адам саудасы бұқаралық сипатқа ие болмаса да, Қазақстанда бар, - деді ол. 

Эльвира Әзімова адамдар еңбектің құлдық шарттарына, біршама күмәнді еңбек жағдайларына жиі өздері келісетінін және осы орайда жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау мәселелеріне байланысты мәселелер шешімсіз қалатынын айтады.  

Өзгелердің жаңалығы