Қазақстанда 80 су құбыры жаңартылып, су үнемдеу технологияларын пайдалану артты

Премьер-министр Олжас Бектенов су ресурстарын тиімді пайдалану және Қазақстан ауыл шаруашылығының орнықты дамуын қолдау жұмысы туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Су ресурстары және ирригация  министрлігі 28 Қаңтар 2025 2025, 11:28
28 Қаңтар 2025 2025, 11:28
678
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Премьер-министр Олжас Бектенов су ресурстарын тиімді пайдалану және Қазақстан ауыл шаруашылығының орнықты дамуын қолдау жұмысы туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, егіншілер суармалы сумен толық көлемде қамтамасыз етілген. Арал теңізіне 2,6 млрд текше метр су жіберілді. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір жоғары.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асатын 80 су арнасын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Су үнемдеу технологияларымен қамтылған егіс алқабы 1,5 есе артып, 470 мың гектарды құрады.

Наверх