Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің басшысы, полковник Мұрат Қуатбекұлы Олжабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Liter.kz сілтеме жасап.
Олардың барлығы – әскери жоғары оқу орындарының түлектері.
Еліміздің Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындары тәуелсіздік жылдарында 35 мыңнан астам офицерді, 4 мың кадет корпусының сержантын және 14 мыңнан аса "Жас ұлан" республикалық мектептерінің тәрбиеленушісін даярлап шығарды.
Осы оқу орындарының 50-ден аса түлегі генерал атағына лайық деп танылды,- дейді ол.
Полковниктің айтуынша, бүгінгі таңда әскери оқу орындарын тәмамдаған түлектердің шамамен 60%-ы Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етіп келеді.
Қазақстандағы әскери білім беру жүйесі заман талабына толық сай. Ол армияны жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етіп, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Біз әскери дайындықтың жаңа бағыттарын дамытудамыз. Бұл – шетелде білім алуға деген мұқтаждықты азайтып, кәсіби кадрларды өз елімізде қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Мұрат Олжабаев.
Әскери мамандарды даярлау ел Қарулы күштерінің өзекті қажеттіліктеріне негізделсе, Қазақстанда әзірге оқытылмайтын бірегей салалар бойынша білім беру халықаралық деңгейде жалғасып жатыр.