Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда 4 мыңнан астам дәрігер жетіспейді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
26 Қараша 2025, 17:43
597
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстанда медицина кадрларына деген тапшылық әлі де күрделі болып тұр. Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев елдегі дәрігерлер мен орта буын мамандарының жетіспеушілігі туралы өзекті статистиканы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда елде шамамен 4 мың дәрігер тапшы. Сонымен қатар 5 мыңға жуық орта буын медицина қызметкері де жетіспейді.

Бүгінде дәрігерлердің тапшылығы шамамен 4 мың маманды, ал орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы 5 мың адамды құрайды, – деді ол.

Сұлтанғазиев медицина саласындағы тағы бір алаңдатушылық тудыратын үрдіске тоқталды. Сөзінше, мамандарымыз жұмыс істеуге шетелге кетіп жатыр.

Соңғы 5 жылда 2,5 мыңға жуық медициналық қызметкер Қазақстанды тастап, басқа елдерге жұмысқа кетті, – деді вице-министр.

Айта кетейік, енді дәрігерлерді ұрғандар кемінде 2 млн теңге айыппұл арқалауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы