Қазақстанда 300-ден астам судьяның орны бос тұр

Парламент палаталарының отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп елімізде судьялар үшін 350-ден аса бос жұмыс орны барын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив 14 Маусым 2024 2024, 11:05
14 Маусым 2024 2024, 11:05
924
Фото: - архив

Парламент палаталарының отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп елімізде судьялар үшін 350-ден аса бос жұмыс орны барын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша судьялар үшін 350-ден аса бос жұмыс орны бар. Біздің ойымызша, заңға енгізілген түзетулер бос судья қызметінің орнына маман тартуға мүмкіндік береді. Мәселен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сотында судьяның орны 3 жылдан бері бос тұр. Онда барып, жұмыс істегісі келетін азаматтар жоқ, – деді Денис Шипп.

Қазақстанда сотта судья болу арнайы талаптар қойылған. Олар:

  • Үміткердің 30 жасқа толуы;
  • Жоғары білім мен 5 жылдық жұмыс өтілінің болуы;
  • Әкімшілік, сыбайлас жемқорлық және басқа да теріс қылықтарды болмауы, заңды бұзбауы;

Сондай-ақ Мәжіліс кулуарында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина елімізде 300-ден астам судья жетіспейтінін айтты.

Ал судьялардың жалақысы еңбек өтілі мен істеген жылына байланысты, – деп қысқа қайырды Назгүл Рахметуллина

Бірақ судьяның ең төменгі жалақы мөлшерін айта алмады.

Наверх