Қазақстанда 26 жаңа көкөніс қоймасы бой көтереді

18 Наурыз 2023, 11:02
1082
Бөлісу:
Қазақстанда 26 жаңа көкөніс қоймасы бой көтереді
PHOTO
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Биыл елімізде сыйымдылығы 104 мың тонна болатын 26 көкөніс қоймасы салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Бұл туралы салалық министрліктің ұйымдастыруымен өткен баспасөз-туры барысында белгілі болды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, елімізде көкөніс сақтауға арналған 1200 қойма болса, олардың 30%-дан астамы Ертіс өңірінде орналасқан. Жалпы қуаттылығы 2 млн. тоннаны құрайды. Осындай көрсеткіштің болуы заңды. Өйткені, Павлодар облысы елімізде картоптың Отаны саналады. Жергілікті шаруалар  аймақ тұрғындарының сұранысын өтеп қоймай, «екінші нанмен» өзге өңір халқы мен жақын шетелді қамтамасыз етіп отыр. Сұраныс артқан сайын көкөніс көлемі де ұлғаюда. Шаруалар жыл сайын өңір тұрғындарының сұранысынан алт есе көп картоп жинап, қоймаға жеткізеді. Тұрақты тұтынушылардың қатарында Ресей, Өзбекстан бар.

Баспасөз-туры барысында Григорьев ауылдық округіндегі заманауи қойманың жұмысы таныстырылды. 19 мың тонна көкөніс сақталатын нысан төрт жыл бұрын пайдалануға берілген. Кәсіпкер ілкімді жобаға 820 млн. теңге инвестиция құйса, бұл соманың 200 млн. теңгесін мемлекет өтеді. Қазіргі таңда бұл қоймада жақын маңдыға ауылдардың көкөнісі сақталады. 

Қазақстанда 26 жаңа көкөніс қоймасы бой көтереді

Күзде 35-40 мың тоннадай картоп салынды. Қазіргі уақытта 6-7 мың тонна көкөніс қалды. Оны мамыр айына дейін сақтаймыз. Баға тұрақты. Мамыр айында еліміздің оңтүстік аймақтарынан картоп әкеліне бастайды. Қоймамыз голланд технологиясына негізделген. Қоймадағы ылғалдылық, температура арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы қадағаланады. Соның көмегімен картоп ұзық уақыт бойы сақталады. Сапасына нұқсан келмейді, - дейді кәсіпорын технологі Нұрболат Серікбаев. 

Елімізде әр күз сайын 5 млн тонна көкөніс жиналады. Сақтау орындарының тапшылығы салдарынан шаруалар өнімді тезірек сатып жіберуд іқалайды. Оған қоса баға да шарықтап кетеді. Мәселе туындамас үшін жаңа қоймаларды іске қосу бойынша кешенді жоспар әзірленді. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорларына тасымалданатын өнім көлемі ұлғаяды. 

Қазақстанда 26 жаңа көкөніс қоймасы бой көтереді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылға қарай елімізде тағы 35 заманауи қойма қолданысқа беріледі. Объектілер  республикадағы сыйымдылығы 1,9 млн тонна  болатын 1208 сақтау объектілерінің тізіміне енгізіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басты міндеті – халықты ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету. Көкөніс неғұрлық көп жиналса, оны сақтауды амалын қарастыру керек. Сондықтан, мемлекет тарапынан қолдау бар. Бұрын қойма құрылысына кеткен шығынның 25%-ы ғана субсидияланатын болса, қазіргі уақытта жаңа ереже бойынша енді жәрдем көмегі 40-50%-ға жеткізу жоспары бар. Сондықтан, сақтау қоймаларының сұранысы, басқа да мәселелерді қарастырып жатырмыз, - дейді министрліктің ресми өкілі Дамир Егізбаев.

Маусымаралық кезеңде халықты сапалы өніммен қамту, баға тұрақтылығын қадағалау да басты мәселелердің бірі.

Қазақстанда 26 жаңа көкөніс қоймасы бой көтереді

Осы жылы әлеуметтік маңызы бар өнім өсіретін шаруалармен жұмыс істейтін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жаңа форматтағы жұмысты ұсындық. Олар форвардтық келісімшарттар арқылы ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша көкөністерге байланысты 40 мың тоннадан астам тауар бойынша келісімшарттар бекітілген.  Яғни, шаруа «баға қалай болады? делдал керек пе?» деген мәселелер үшін алаңдамайтын болады. Қазіргі уақытта осы  жердегі былтырдан жиналған жаңағы өнімдерді Оңтүстік өңірлерге апарып жатса, енді бір-екі айдан кейін ол жақта піскен өнімдерді керісінше осы Солтүстік өңірлерге жеткізіп отырады, - дейді Дамир Егізбаев.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы ел фермерлері 4,1 млн.тонна картоп, 621 мың тонна сәбіз, 1,1 млн тонна пияз және 552 мың тоннаға жуық қырыққабат жинады.

Қазақстанда 26 жаңа көкөніс қоймасы бой көтереді

 Айта кетейік, кешенді жоспар негізінде Ертіс өңірінде биыл қуаттылығы 72 мың тонна болатын алты қойма салынбақ. Ал өткен жылы облыста 11 жаңа нысан қолданысқа берілген. 

Өзгелердің жаңалығы