Қазақстанның 13 өңірінде 11,8 мыңнан астам сынып қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.
Айтуынша, бұл өзгеріс 903 мектепке және шамамен 250 мың оқушыға әсер еткен.
Жалпы алғанда қашықтан оқыту форматына 11 812 сынып өтті. Бұл — елдің 13 өңіріндегі 903 мектеп. Барлығы шамамен 250 мың бала онлайн форматқа көшті. Кеше мен бүгіннің арасында аздап ілгерілеу бар, — деді вице-министр.
Ол жағдай күн сайын бақылауда екенін, сыныптарды қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданатынын атап өтті.