Қазақстанда 237 мың ерекше балаға мыңдаған мұғалім жетіспейді

Елімізде 3 мыңнан астам арнайы педагог тапшы, ал 4 мыңға жуық бала тек көмекшілердің арқасында мектепке бара алады.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 10:49
Бүгiн 2026, 10:49
111
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Қазақстанда 0-18 жас аралығындағы 237 мың мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. Бұл туралы Мәжілісте өткен тақырыптық отырыста Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда олардың 193 341-і білім беру ұйымдарында оқып жатыр. Ал психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бойынша шамамен 17 мың бала үй жағдайында білім алады.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше балалар 181 мамандық бойынша білім алып жатыр.

Бүгінде білім беру ұйымдарында 11 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді. Дегенмен 3408 маманға сұраныс сақталып отыр, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 6500 педагог-ассистент жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 129 жеке көмекші жүріп-тұруы қиын балаларға қолдау көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде 4 мыңға жуық бала мектепте білім алуға мүмкіндік алған.

Кадр тапшылығын азайту үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Атап айтқанда, 8 колледжде логопед мамандар даярлануда. Ал 2026-2027 оқу жылынан бастап тағы 3 колледжде педагог-ассистенттер дайындалады.

Наверх