Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өсті

6 Қаңтар 2025, 14:52
1697
Бөлісу:
Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өсті
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып ұлғайтылды. 

Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады. Осы және басқа да өзгерістер туралы мына материалымыздан толық біле аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы