Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда 157-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Кеше, 23:57
109
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында ТЖМ ведомстволық бағдарламасы аясында 157-ші ерікті өрт сөндіру пункті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Дәурен Оразбеков, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жаңа пункт алты елді мекеннің – барлығы шамамен 7 мың адам – қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ғимаратта өрт сөндіру техникасы үшін бокс, диспетчерлік бөлме, қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар, ас үй және демалыс бөлмесі бар.

Пункт жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды және толық жарақтандырылды. Штатта 4 адам қызмет етеді, олар кез келген төтенше жағдайға жылдам әрекет етуге дайындалады. Сонымен қатар, еріктілерге өрт-тактикалық сабақтар өткізіліп, арнайы киім-кешек, техника және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Жаңа нысан өңір тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғау деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы