Қазақстан мен Жапония дипломатиялық қатынасына 27 жыл толды

28 Қаңтар 2019, 10:55
3870
Бөлісу:
Қазақстан мен Жапония дипломатиялық қатынасына 27 жыл толды

Астана, BAQ.KZ. Биыл Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 27 жыл толды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.


2018 жылдың 11 айында Жапониямен екі жақты сауданың көлемі 1,7 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстаннан экспорт 1,3 млрд долларға, ал Жапониядан импорт 447 млн долларға жетті.

Соңғы 10 жыл ішінде Жапониядан Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 6,3 АҚШ млрд долларын құрады.

Жапония Қазақстандағы үздік 10 шетелдік инвесторлардың тізіміне кіреді. Негізгі инвестициялық салалар қатарында энергетика, сирек металдар, өнеркәсіп және т.б.

Қазақстанда жапондық капиталы бар 75-ке жуық компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Toyota Motors, Marubeni Corporation, Suzuki Motors, NEC Corporation, JGC Corporation, Tokyo Rope, NYK Line сияқты компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс атқарып жатыр.

Бұған дейін BAQ.KZ тілшісі Жапонияның Қазақстанға жаңадан тағайындалған елшісі Тацухико Касаймен сұхбаттасқан болатын. Әзірге өкілетті және төтенше елші ретінде сенім грамотасын алған жоқ.

Сондай-ақ Жапонияда елден кеткен туристер үшін жаңа салық күшіне енді. Ол салық кері қайту билетінің құнына қосылатыны туралы жазған болатынбыз. 
Өзгелердің жаңалығы