Қазақстан жыл басынан бері 57,8 млн тонна мұнай тасымалдады

Бөлісу:
Қазақстан жыл басынан бері 57,8 млн тонна мұнай тасымалдады
Фото: baq.kz

2024 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша елімізде магистральдық құбырлар жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі шамамен 57,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Тасымалданатын мұнайдың 26%-дан астамы немесе 15,1 млн тоннасы отандық отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген.

Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы шамамен 46,3 млн тонна мұнай тасымалданған. Ал «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі шамамен 7,2 млн тоннаны құрады.

2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай жіберілді.

10 айдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан 3,1 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды, оның ішінде Махачкала портының бағыты бойынша - 1,6 млн тонна, «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры бағытында 1,2 млн тонна жөнелтілді.

«Атасу – Алашанькоу» мұнай құбырының бағыты бойынша 1 млн тоннадан астам мұнай тасымалдау жүзеге асырылды. Сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы мұнай транзиті 8,4 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Ресей Федерациясы – Қытай Халық Республикасы бағыты бойынша 8,2 млн тонна, Ресей Федерациясы-Өзбекстан Республикасы 217 тонна мұнай.

Айта кетейік, қазақстандық мұнай Италия, Нидерланды, Қытай, Корея Республикасы, Румыния, Франция, Греция, Түркия, Сингапур, Германия және т.б. елдерге экспортталады.

Өзгелердің жаңалығы