Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан жемқорлық бойынша әлемде нешінші орында?

Бүгiн, 17:12
134
Бөлісу:
 Мемлекеттік кірістер департаменті
Фото: Мемлекеттік кірістер департаменті

Transparency International ұйымының 2025 жылғы Коррупцияны қабылдау индексі бойынша Қазақстан 182 елдің ішінде 96-орынға орналасып, 38 балл жинады. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі балл төмен, яғни сыбайлас жемқорлық деңгейі артқанын көрсетеді, - деп хабарлайды BAQ.KZ.

Transparency International ұйымы 2025 жылға арналған Коррупцияны қабылдау индексін (КҚИ) жариялады. Бұл рейтингке 182 ел мен аумақ енгізілген. Индекс сарапшылар мен бизнес қауымдастығының бағалауларына негізделіп, мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша өлшейді.

Коррупцияны қабылдау индексі әртүрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін бағалау және салыстыруға арналған негізгі халықаралық құрал болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Коррупцияны қабылдау индексінде 38 балл жинап, 182 елдің ішінде 96-орынға орналасты. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда екі балға төмен.

Коррупцияны қабылдау индексі қалай жасалады?

Коррупцияны қабылдау индексі елдерді мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейіне қарай анықталады. Бағалау сарапшылар мен бизнес қауымдастығының пікірлеріне негізделеді, ал қарапайым азаматтардың көзқарасы есепке алынбайды. Индекс 13 тәуелсіз дереккөзді пайдаланады және 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша өлшенеді:

  • 0 - сыбайлас жемқорлық деңгейі өте жоғары,
  • 100 - өте төмен.

2025 жылы Қазақстанның көрсеткіші сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі қырларын бағалайтын 9 дереккөздің негізінде анықталды. Ел ең төмен бағаны демократиялық институттарға және тәуелсіз жүйелеріне қатысты көрсеткіштер бойынша алды. 

Атап айтқанда, басқару сапасы, сайлау үдерістері, азаматтық қоғам, тәуелсіз медиа және сот тәуелсіздігі салаларында бағалар төмен болды. Ал бизнес жүргізу тәуекелдері мен жағдайларына қатысты көрсеткіштер салыстырмалы түрде жоғарырақ бағаланған.

Рейтингтегі орыннан гөрі, жиналған балл саны маңызды. 50 балдан төмен нәтиже көрсеткен елдер сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары мемлекеттер қатарына жатады. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында бұл межеден тек Грузия ғана асып, 50 балл жинаған.

Қазақстанның 38 баллдық көрсеткішін көрші елдермен салыстырсақ:

  • Өзбекстан - 31 балл (124-орын),
  • Қырғызстан -26 балл (142-орын),
  • Ресей - 22 балл (157-орын),
  • Түрікменстан - 17 балл (167-орын).
Өзгелердің жаңалығы