Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Томашов Мазовецкиде (Польша) өтіп жатқан әлем кубогының жасөспірімдер арасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қыздар командалық жарыста жетістікке жетті.
Ел намысын бұл сында Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады.
Бірінші орын Германияда қалды. Екінші нәтижені Норвегия көрсетті.