Қазақстан және Әзербайжан университеттері өзара ынтымақтастық орнатты

Астанаға Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры полковник Бақтияр Гезалов бастаған делегациясы келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

29 Наурыз 2024 2024, 19:46
АВТОР
 Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 29 Наурыз 2024 2024, 19:46
29 Наурыз 2024 2024, 19:46
937
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астанаға Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры полковник Бақтияр Гезалов бастаған делегациясы келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-материалдық базасы, ғылыми-зерттеу қызметі және даму перспективаларымен танысты.

Әзербайжан делегациясының мүшелерімен кездесуде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық пен ғылыми тәжірибе алмасу оқу орындардың профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ұлттық қорғаныс университетінде әзербайжандық әріптестер бірқатар дәрістер оқыды.

Әзербайжан әскери делегациясының өкілдері ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне, «Алжир» мемориалдық-мұражай кешеніне барып, елорданың басқа да көрікті жерлерімен танысты.

Наверх