Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан Ыстықкөлде курорттық нысандарды дамытатын болды

Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Мәжілістің жалпы отырысында осы мәселеге қатысты құжат мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімді және осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Құжатта Қазақстанның төрт курорттық-рекреациялық шаруашылық объектісіне меншік құқығы қарастырылған. Оларға шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру орталығы кіреді.

Қазақстанның осы объектілерді төрт жыл ішінде (2029 жылдың соңына дейін) 3 және 4 жұлдызды қонақ үй деңгейіне жеткізу жөніндегі міндеттемелері көрсетілген. 

Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамада осы міндеттемелерді орындау үшін инвесторларды тарту мүмкіндігі де көзделген.

Өзгелердің жаңалығы