Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан велошабандоздары халықаралық турнирде үш алтын медаль жеңіп алды

8 Мамыр 2025, 23:59
784
Бөлісу:
 ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстан велоспорт құрамасы Өзбекстанның Наманган қаласында өткен Silk Way Namangan халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Топтық жарыста Әлішер Жұмақан алтын, ал Владислав Скибин күміс жүлдеге ие болды.

Командалық спринтте Кирилл Курдиди, Данияр Шаяхметов және Мұхтар Рамазан үштігі жарысты бірінші болып аяқтап, алтын жүлдені еншіледі. Осы жарыста Дмитрий Резанов, Андрей Чугай және Виктор Голов қола медаль иеленді.

Топтық жарыста Қазақстан сапынан Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Максим Хорошавин және Илья Карабутов құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, тағы бір алтын жүлдені жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде жалпы үш алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп шықты.

Өзгелердің жаңалығы