Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан Түркиядағы халықаралық жарыста екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгiн, 15:48
118
Бөлісу:
 Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Түркияның Анталья қаласында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт министрлігінің мәліметінше, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары екі алтын медаль жеңіп алды. Спорттық жүрістен марафон қашықтығында Галина Якушева жеңімпаз атанса, жартылай марафон бағдарламасында Кристина Морозова мәреге бірінші болып жетті.

Айта кетейік, бұл турнир Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының (World Athletics) «күміс тур» санатына кіреді.

Өзгелердің жаңалығы