Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысында Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды

4 Наурыз 2022, 16:38
1312
Бөлісу:
Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысында Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елордада өткен қазақ-түрік үкіметаралық комиссиясының ХІІ отырысы барысында Премьер-министр Әлихан Смайылов хабарлады.

Өзара сенімді диалог, белсенді іскерлік байланыстар біздің достығымыздың  шынайы көрінісіне айналды. Үкіметаралық экономикалық комиссия отырысында  екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқыладық. Біз бүгін 68 тармақтан тұратын Бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдадық, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар ол жиында қандай мәселелердің талқыға түскенін алға тартты.

Онда сауда, өнеркәсіп, инвестиция,  көлік пен транзит  және тағы басқа салалар қамтылды. Сөзімнің соңында Түркияның мәртебелі вице-президентіне  қазақ-түрік қарым-қатынастарын  одан әрі нығайтуға атсалысқаны үшін  тағы да алғысымды айтқым келеді. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесі қазіргідей күрделі кезеңде  бірлігімізді нығайтуға және бауырлас халықтарымыздың мүддесіне қызмет ететініне сенімдімін, - деді Әлихан Смайылов. 

Бүгін астанада ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өткені белгілі.  

Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі 4 млрд долларды құрағаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы