Қырғыз Республикасының Шу облысында түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жас волонтерлерге арналған халықаралық мектеп өтуде. Аталған іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қатысушы жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМҰ елдерінің белсенді азаматтары мен жастары қатысуда.
Мектеп халықаралық ынтымақтастықты нығайту және еріктілік саласындағы озық тәжірибемен алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.
- Мектеп аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша білім ала алады:
- Ерікті ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту.
- Әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді шешу үшін волонтерліктің маңыздылығына назар аудару.
Белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру және жастарды волонтерлік қызметке тарту үшін жағдай жасау, - деп жазды министрліктің баспасөз қызметінен.