Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бердынияз Мятиев кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы қазақстан-түрікмен ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективалары туралы пікір алмасты.
Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Түрікменстанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, сондай-ақ 2022 жылғы қазанда Қазақстанның астанасында – АӨСШК, ТМД және Орталық Азия – Ресей Федерациясы саммиттерінде өтетін халықаралық іс-шараларға түрікмен тарапының қатысуына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған сыртқы саяси ведомстволар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.