Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды

Жансая ҚАМБАР
7 Мамыр 2025, 19:38
917
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

TAIMAS 8x8 — қазақстандық инженерлер, Түркияның Otokar компаниясының мамандары және Қытайдың Norinco сарапшылары арасындағы бірегей халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде жасалған заманауи ұрыс машинасы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Astana MPR Project директоры Вадим Шакшакбаев бұл машина өндірісі Құрлық әскерлері қолбасшылығының тапсырмасынан басталғанын айтады.

Бізге бір мезгілде 8х8 доңғалақ формуласы бар, табиғи су кедергілерінен өтіп, ауыр қару-жарақпен жабдықталған жауынгерлік модулі бар машина жасауға техникалық талаптар берілді. Сонымен қатар, машина басқарылатын танкке қарсы зымырандарды ату мүмкіндігіне ие болуы керек еді. Біз серіктестерімізбен бірге машинаны жетілдіріп, барлық қажетті сынақтардан өткіздік, - деді ол.

Вадим Шакшакбаев Astana MPR Project компаниясы Қазақстанға технология трансферін қамтамасыз еткенін және ҚР Қарулы Күштерінің қажеттіліктері үшін осы машиналарды өндіруге құқылы екенін атады.

Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды

Сынақтардан сәтті өткеннен кейін бұл машина ҚР Қарулы Күштерінің қару-жарағына ресми түрде қабылданды. Оның жауынгерлік қуаты, жабдықталған модулі және кез келген кедергілерді – таулар, құм, қар, мұз және су тосқауылдарын еңсеру қабілеті көрші елдердің де қызығушылығын тудырды. Бұл машина шынымен де бірегей, өйткені дәл осындай сипаттамалар мен мүмкіндіктер жиынтығы бар үлгілер әлемнің әскерлерінде жоқ, - деді компания директоры.

Бұл машиналар – арнайы конструкторлық бюро тарапынан әзірленген, құрлық әскерлеріне арналған нағыз жауынгерлік техника. Халықаралық стандарттарға сай келетін Еуропа агенттіктері аккредиттеген сынақ орталығы тарапынан сертификатталған.

TAIMAS 8x8 баллистикалық және минаға қарсы қорғаныс тұрғысынан үлкен мүмкіндіктерге ие. Біз техниканы үш негізгі көрсеткіш бойынша бағалаймыз: біріншісі – қорғаныс, екіншісі – от күші, үшіншісі – өтімділік қабілеті. Осы үш көрсеткіш бойынша да Таймастың мүмкіндігі зор. Оның ішінде 11 адамнан тұратын экипаж болады. Егер сыртта радиациялық фон болса, бұл машинаның одан қорғанысы бар. Яғни, ішіндегі адамдарға зиян тимейді. Біз үшін ең маңыздысы – экипаждың өмірін сақтау, - деді Түркияның Otokar Central Asia компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Уфук Айбар.

Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды


Ол сондай-ақ техника екі бөліктен тұратынын айтты. Жоғарғы бөлігі – жауынгерлік модуль, яғни мұнарасы және машинаның өзі. Қытай тарапы жауынгерлік модульді шығарады. Уфук Айбардың айтуынша, ол модульмен машинаның күші өте жоғары, тіпті танкті жоя алады. Оған қоса, модульдің өзі ауыр болса да, TAIMAS жүзе алады.

Мұнараға үш түрлі қару-жарақ орнатылған. Біріншісі — 100 миллиметрлік зеңбірек, екіншісі — 31 миллиметрлік зеңбірек, үшіншісі — 7,62 миллиметрлік пулемет. Бұл үш қарудың барлығы қатарлас орнатылған, яғни олар әртүрлі қашықтықта орналасқан нысаналарды бір мезгілде атып жоюға қабілетті, - деді Қытайдың солтүстік өнеркәсіптік NORINCO корпорациясы вице-президенті Лань Цзе.

Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды

TAIMAS 8x8 NATO стандартына сай модульдік платформа, амфибиялық мүмкіндіктер және қуатты қару-жарақ жүйесін біріктіреді. Осы қасиеттерінің арқасында әлемдік нарықтағы ең әмбебап әрі сұранысқа ие броньды техникалардың бірі болып саналады.

Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды
Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды
Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды
Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды
Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды
Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды
Өзгелердің жаңалығы