Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Qazaqstan телеарнасының орнында жаңа медиа орталық салынады

13 Желтоқсан 2022, 15:19
1282
Бөлісу:

Qazaqstan телеарнасының бұзылған ғимаратының орнында заманауи медиа орталықтың құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол келесі жылдың соңында аяқталады. Қала әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 2-тоқсаны. 

Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адам көп жиналатын орындарға жыл соңына дейін 3050 бейнекамера орнатылады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге биыл қосымша 16,8 млрд теңге бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы