Қазақстан Тәжікстанмен цифрландыру саласында тәжірибе алмасады

4 Мамыр 2023, 15:11
701
Бөлісу:
Қазақстан Тәжікстанмен цифрландыру саласында тәжірибе алмасады
Фото: BAQ.KZ

Қазақстан Тәжікстанмен цифрландыру саласында тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екі мемлекет үшін IT секторы мен қаржы секторындағы ынтымақтастық кең перспективалар ашады. Елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және ІТ-технологияларды дамытуда байыпты тәжірибе бар. Осыған байланысты Қазақстан достық және өзара қолдауда Тәжікстанмен кейбір дамыған цифрлық шешімдер мен ақпараттық жүйелермен бөлісуге дайын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Тоқаев қаржы секторында ынтымақтастық жүзеге асырылатынын атап өтті. 

Қазіргі таңда қазақстандық банк секторы Тәжікстанның қаржы нарығына қызығушылық танытып отыр, осы тақырыпта келіссөздер жүргізілуде. Біз тәжік серіктестерімізді осы салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз, деді Қазақстан Президенті.

Өзгелердің жаңалығы