Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды. Бұны СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы «біртұтас Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды, - деді Смадияров.
Ол Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды жақтайтынын, атап айтқанда, бұл мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстанатынын атап өтті.
Шет елдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапарын Қытай үкіметімен келісу керек деп есептеймін, - деп қосты Смадияров.