Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда қазір әзірленіп жатқан еліміздің академиялық үлгідегі жаңа тарихының сапалы жазылуы керек екенін айтқан болатын, деп жазды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында.
Президент тапсырмасына сәйкес, бүгін Ғылым және жоғары білім министрі, ғалымдар және тарих институттарының басшыларымен бірге Қазақстан тарихының көптомдығының жүзеге асырылу барысын талқыладық.
Аталған жұмысқа шетелдік мамандарды тарту көзделіп отыр. Мемлекет тарихын түгендеуге қатысатын қазақстандық зерттеушілердің де қатары көбейеді, - деп жазды Ерлан Қарин.
Сондай-ақ көптомдықтың заманға лайықталған мультимедиалық нұсқасы дайындалады.
Бұдан бөлек әрбір том бойынша ғылыми қауымдастықтың және жұртшылықтың қатысуымен тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады, - деді ол.