Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, аталған жарыста Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды.
Жүлделер жиынтығы: екі алтын медаль, бір күміс медаль, төрт қола медаль.
Турнирде алтын жүлдені Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Дамир Шуленов (68 келіге дейін) жеңіп алды. Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.
Қола медальға Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Тамирлан Тлеулес (58 келіге дейін), Алтаир Өмірбеков (74 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) қол жеткізді.