Қазақстан стенд атудан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ұлттық олимпиада комитеті 28 Мамыр 2023 2023, 21:02
28 Мамыр 2023 2023, 21:02
905
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрама қоржынына медальді Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов салды.

Спортшылар аралас командалар арасында «трап» дисциплинасында жетістікке жетті. Екінші орынға Түркия орналасты, ал «қола» Иранға бұйырды.

Еске салайық, бұған дейін Әсем Орынбай «скитте» алтын медаль алған болатын. Сондай-ақ ол аралас командалар арасында Эдуард Ещенкомен бірге «скитте» бірінші нәтиже көрсетті.

Наверх