Қазақстан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында үшінші орын алды

Бірінші орынды Жапония иеленді

 ҰОК 6 Маусым 2025 2025, 19:16
6 Маусым 2025 2025, 19:16
710
Фото: ҰОК

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама командалық көпсайыста үшінші орынға көтерілді.

Жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан.

Бірінші орынды Жапония иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін ересектер құрамасы да Азия чемпионатында үшінші орынды еншілеген болатын.

Наверх