Қазақстан ШЫҰ-ның туризмді дамыту келісіміне қосылады

18 Маусым 2023, 00:24
793
Бөлісу:
Қазақстан ШЫҰ-ның туризмді дамыту келісіміне қосылады

Еліміз Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісіміне қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 16 қыркүйекте Самарқандта жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қосылсын. Сыртқы істер министрлігі келісімге ҚР Үкіметінің қосылатыны туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығын хабардар етсін, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, аталған келісімге қосылу туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Осы келісімге қосылу Қазақстан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше басқа да мемлекеттердің арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді. Құжат Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген, - деп жазылған құжатта.

Үкімет қаулысы 1 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.

Өзгелердің жаңалығы