Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды

3 Тамыз 2022, 23:23
1505
Бөлісу:
Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Ресейдің екі, Қытайдың бір азаматы қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 31 шілдеде Жетісу облысы Панфилов ауданында шекарашылар Мемлекеттік шекараны бұзушылардың жолын кесті. Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды, ол Қазақстан Республикасына өткізу пунктінен тыс жерден кіруге және кейіннен Еуропа елдеріне бет алуға талпынған. 2022 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы бөлімшесі Мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін Қазақстанның аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынуға әрекет жасаған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған құқық бұзушыларға қатысты уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы