Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан шекарасы маңында тағы да жер сілкінісі тіркелді

Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Бүгін Қазақстан шекарасы маңында екінші рет жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жер сілкінісі Қазақстан шекарасына жақын жерде, Өзбекстанда болды. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, 12 қаңтарда Астана уақытымен 14:41-де Өзбекстан аумағында магнитудасы 2,6 болатын жер сілкінісі тіркелген. 

Карталарға қарағанда, жер асты дүмпулерінің эпицентрі Қазақстан шекарасынан шамамен 60 шақырым қашықтықта орналасқан.

Еске салсақ, 12 қаңтарда Алматы маңында сағат 11:44-те жер сілкінісі болды. 

Өзгелердің жаңалығы