Қазақстан Шанхайдағы ЭКСПО-да 74 млн долларға келісімшарттар жасасты

7 Қараша 2023, 20:47
653
Бөлісу:
Қазақстан Шанхайдағы ЭКСПО-да 74 млн долларға келісімшарттар жасасты
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Алғашқы екі күнде Қазақстан Шанхайдағы ЭКСПО-да 74 млн долларға келісімшарттар жасасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауда және интеграция министрі А. Шакқалиев пен ҚР Шанхай қаласындағы Бас консулы Р. Рахимовтың қатысуымен қазақстандық компаниялар ынтымақтастық туралы үш меморандумға және жалпы сомасы 74 млн долларға 15 экспорттық келісімшартқа қол қойды.

Отандық тауар өндірушілер қытайлық серіктестермен май өнімдерін, құрғақ сүтті, балды, сондай-ақ жемдік ұнды жеткізу туралы келісті.

Келісімдерге қол қою рәсімінде Арман Шакқалиев атап өткендей, Қазақстан сапалы экологиялық таза өнім жеткізуге кепілдік береді.

Қытайдың халықаралық импорт көрмесі (CIIE) Шанхай қаласында 2023 жылдың 5-10 қарашасы аралығында өтеді. Қазақстанның бизнес-стендінде «Мибеко» ЖШС, «Алматы өнімі» ЖШС, «Восток ЭкоЛайн» ЖШС, «Өскемен май зауыты», «DEP» ЖШС, «Евразия ИНВЕСТ ЛТД» ЖШС, «Лепсинск Өнімдері» ЖШС, «Тек Tau» ЖШС, «Көрік ШҚ» ЖШС, «Arnna Minerals» ЖШС, «Алель Агро» ЖШС, «Алтын Орда» ЖШС және басқалардың өнімдері ұсынылған.

Қазақстандық кәсіпорындардың импорттық ЭКСПО-ға жыл сайын қатысуын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы және Қазақстандағы ҚХР елшілігі қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы