Қазақстан - Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін, - деп хабарлайдыдеп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін мәлімдеді.
Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған.
Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: