Қазақстан-Ресей серіктестігі: Екі елдің тауар айналымы 30 млрд долларға жуықтады

Үкімет басшылары өзара инвестиция көлемін де талқыға салды.

 ©BAQ.KZ/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 18:27
Бүгiн 2026, 18:27
111
Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

 

Премьер-министр Олжас Бектенов Ресейдің Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Ресей дәстүрлі түрде еліміздің негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы тауар айналымы 30 миллиард долларға жуықтады, – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар ол өзара инвестициялар көлемінің де артып келе жатқанын мәлімдеді. Үкімет басшысының сөзінше, соңғы 20 жылда Ресей бизнесі Қазақстан экономикасына 28 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Ал осы кезеңде қазақстандық бизнес Ресей экономикасына шамамен 9 миллиард доллар инвестиция құйған.

Кездесуде Ресей бизнесінің Қазақстандағы белсенді жұмысына да назар аударылды.

Ресейлік бизнес Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатыр. Қазір елімізде ресейлік қатысуы бар 22 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл – шетелдік қатысуы бар барлық компаниялардың үштен біріне жуығы, – деді Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстан Ресеймен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастыруға дайын.

Біз ынтымақтастығымыздың жаңа бағыттарын қарастыруға дайынбыз. Бұған толық мүмкіндік бар екеніне сенімдімін, – деді ол.

Наверх