Президент жанындағы ҚСЗИ мен РҒА ӘЭХҚИ басшылығы арасында кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу әлемдік саясат пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне, екі жақты қарым-қатынастың перспективаларына, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы сараптамалық диалогты одан әрі кеңейтуге арналды.
Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов екі тараптың алдыңғы қатардағы талдамалық орталығы арасындағы қарым-қатынасты дамытудың және Қазақстан-Ресей сараптама кеңесін құру маңыздылығын баса айтты.
Талқылау барысында РҒА ӘЭХҚИ директоры Федор Войтоловский ғылыми-зерттеу саласындағы болжау мен ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейіне шығу өзектілігін атап өтті.
Жалпы кездесудің қатысушылары екі жақты қарым-қатынастың оң қарқыны және Қазақстан мен Ресейдің одан арғы ынтымақтастығының перспективаларын атап өтті. Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Ресейдің талдамалық орталықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайту туралы бітімге келді.