Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

19 Қыркүйек 2022, 22:10
1415
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарау мен бекітуді жалғастырды,
2022 жылы атқарылған далалық демаркациялық жұмыстардың нәтижелерін қорытындылады, сондай-ақ алдағы жылы далалық және камералдық жұмыстардың жоспарларын талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы