Қазақстан референдумды бақылау үшін барлық жағдайды қамтамасыз етті

5 Маусым 2022, 19:37
1318
Бөлісу:
Қазақстан референдумды бақылау үшін барлық жағдайды қамтамасыз етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айындағы Жолдауында айтқан саяси реформалар бағдарламасы 33 бапқа 50-ден астам Конституциялық түзетуді енгізуді көздейді.

Конституцияға ұсынылып отырған түзетулер билікті қайта бөлу және орталықсыздандыру, президенттің өкілеттігі, сайлау жүйесі және басқа мәселелер бойынша конституциялық нормаларды өзгертуді қажет етеді. 

Конституциялық түзетулер бойынша 5 маусымда өтіп жатқан Референдум дауыс беруге арналған 10 012 учаскеде өтеді. Оның ішінде шетелде, 52 елде ұйымдастырылған 65 учаске бар.

Конституциялық референдум бүкілхалықтық сайлау сияқты, транспаренттілік, адалдық, жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы сияқты дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізудің бірдей қағидаттарына ие. Сайлау процесінің барлық қатысушыларының осы негізгі қағидаларды ұстануы дауыс берудің легитимдігін қамтамасыз етеді, - деді Президент жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері Айдана Акесина.

Дауыс беру барысында заңдылықтың сақталуын бақылау үшін Қазақстан референдумға дайындық пен оны өткізу процесінің мониторингін жүзеге асыратын халықаралық бақылаушыларды шақырды.   

Конституциялық референдумды қадағалайтын ұйымдар қатарына Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының парламентшілері кіретін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары, Беларусь және Ресей Одағының Парламенттік жиналысының, Мемлекеттік думаның депутаттық корпусы кіретін ТМД Парламентаралық Ассамблеясы тіркелді. Сондай-ақ байқауға ДИАҚБ/ЕҚЫҰ референдумды бағалау жөніндегі миссиясы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және ТүркПА-дан бақылаушылар делегациясы белсенді қатысуда. Учаскелерге қазақстандық қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың бақылаушылары да қатысады. 

Әдетте елдегі барлық сайлау учаскесінде бақылау орнату қиын және дәстүрлі түрде бақылау таңдалып алынған жеке учаскелерде жүзеге асырылады. Бұл бақылаушыларға нәтижелерді бүкіл елге экстраполяциялауға мүмкіндік береді. Барлық стандарттарға сәйкес, дауыс беру күні халықаралық және азаматтық бақылаушылар өз міндеттеріне белсенді кірісіп, бұл конституциялық референдумға халықаралық қоғамдастық тарапынан да, қазақстандық азаматтық қоғам тарапынан да тәуелсіз және адал баға беруге кепілдік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы