Мереке күндеріне байланысты 7 және 9 мамырда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.