Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан қысқа дайын ба?

23 Қыркүйек 2025, 11:50
475
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысында Қазақстанның жылыту маусымына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жылыту маусымына дайындық аяқталу сатысында.

Соңғы аптада 1 қазандық пен 3 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Қосымша 10 қосалқы станция мен 100 тарату пунктіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 13 км жылу желілеріне реконструкция жасалды. Жалпы, кестеге сәйкес 6 энергоблокта, 29 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жүргізілді. Жылумен жабдықтау желілерінде жұмыстар жоспарланған 323 км-ден 293 км-ге аяқталды. Өткен аптада мен бірқатар өңірлердегі жұмыстар туралы баяндадым. Өткен Үкімет отырысынан бастап Степногорск қаласында жылу желілеріндегі барлық жұмыстар аяқталды, - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ Аягөзде жылыту маусымын бастау үшін қажетті жұмыстар толық аяқталды деп отыр.

Орал қаласында өткен аптада жұмыстар тағы 20%-ға аяқталды, жалпы прогресс 85 %-ды құрайды. Барлық жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар Аягөздің Орталық қазандығында №3 қазандықты жөндеу аяқталды, № 2 қазандықтың дайындығы 70% және №1 қазандықтың дайындығы 20% құрайды. Сәтбаев қаласында №2 қазандыққа жөндеу жұмыстары аяқталды. Қосымша, ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін №1 қазандықтың дайындығы қамтамасыз етіледі. № 3 қазандықта жұмыс 82%, ал №4 қазандықта – 48% орындалды. Жалпы жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Аталған нысандардағы жұмыстарды 1 қазанға дейін аяқтау қажет, - деді Роман Скляр.

Өзгелердің жаңалығы