Қазақстан Қырғызстанмен шекараны күшейтеді

20 Сәуір 2023, 12:59
675
Бөлісу:
Қазақстан Қырғызстанмен шекараны күшейтеді
Фото: inform.kz

Қазақстан Қырғызстанмен бағыттағы шекараны күшейтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов мәлімдеді.

Географиялық тұрғыдан алып қарағанда ең ұзақ шекарамыз – Ресей елімен. Оның ұзындығы – 7,5 мың шақырым. Біз оны қалыпты форматта күзетеміз. Физикалық тұрғыда үнемі күшейтіп отыру үшін шекара қызметінің күші де, қаражаты да жеткіліксіз. Біздің күшейтуіміз қажет деп таныған басым бағыттарымыз бар. Қандай да бір ахуал болған жағдайда қажетті бағытты жабу үшін қор қалыптасқан, - деп атап өтті Ерлан Алдажұманов Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол шекараның күшейтілу үшін басымдыққа ие бағыттарын атады.

Құқық бұзушылық, контрабандамен байланысты мемлекеттік шекарада болуы мүмкін проблемаларды алып қарағанда басымдыққа қазір Қырғызстанмен бағыт ие. Сондықтан сол жақтағы шекараны күшейтіп жатырмыз. Бірақ мемлекеттік шекарамызды жабу үшін кез келген бағытта резервтеріміз жеткілікті, - деді Шекара қызметінің директоры.

Өзгелердің жаңалығы