Қазақстан құрамасының шорт-тректен бас бапкері ауысты

<p><strong>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасының бапкерлер штабындағы маңызды өзгерісті Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.&nbsp;</strong></p>

17 Шілде 2022 2022, 10:13
АВТОР
 17 Шілде 2022 2022, 10:13
17 Шілде 2022 2022, 10:13
1415

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасының бапкерлер штабындағы маңызды өзгерісті Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады. 

Құраманың бас бапкері қызметіне Нұрберген Жұмағазиев тағайындалды. Ол жақында ғана зейнетке шыққан Мәдіғали Қарсыбековті алмастырды. 

Н.Жұмағазиев - Олимпиада ойындарының қатысушысы. Сондай-ақ ол Әлем кубогінде, Азия ойындарында және өзге де турнирлерде медаль еншілеген. 

Айта кетейік, биылғы желтоқсан айында Алматыда шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңі өтеді. Атап айтқанда, 9-11 желтоқсанда және 16-18 желтоқсанда әлем кубогының III және IV кезеңдері ұйымдастырылады. Алматы қаласы әлем кубогы кезеңіне қатысушыларды 2018 жылы да қабылдаған болатын.

Наверх